Кәсіпорын туралы
«Қазақстандық авиациялық индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылғы 24 шілдеде құрылды.
«Қазақстандық авиациялық индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жалғыз қатысушысы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы (Kazakhstan Engineering) болып табылады.
«Қазақстандық авиациялық индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі авиациялық техниканы өндіру, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сатуға мамандандырылған.
Біздің мүмкіндіктер:
- Бізде әскери және азаматтық мақсаттағы ұшақтар мен тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындауға, ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көпсалалы авиациялық-техникалық орталық бар.
- Біздің команда құрамында арнайы кәсіптік білімі және авиациялық техниканы пайдалануда көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі инженерлік-техникалық персонал бар.
- Қолда бар инфрақұрылым және "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайы әуеайлағының аумағында ыңғайлы орналасуы бізге ұшатын әуе кемелеріне қызмет көрсетуге, сондай-ақ авиациялық бөлшектер мен компоненттердің логистикасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.